Название лекции: АО "ОҚМА" 3D виртуалды туры

Кафедра: Отдел дистанционных технологий

Описание видео-занятия

Академия бойынша виртуалды 3D турға шақырамыз. Енді әрбір талапкердің немесе білім алушының үйден шықпай-ақ және «Ашық есік күнін» күтпей-ақ Академия аумағы бойынша серуендеуге және біздің білім беру мекемеміздің әрбір ғимаратына көз салуға мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда Виртуалды тур көптеген жоғары және орта оқу орындарының цифрлық ресурстарында кеңінен таратылып, енгізілуде. Қашықтан білім беру технологиялары бөлімінің маманы Жанатов Ердәуіт Нөсерұлы болашақ бірінші курс білім алушылары мен олардың ата-аналарына, түлектерге, сондай-ақ біздің академиямызға қызығушылық білдірген кез келген пайдаланушыға арналған "Виртуалды 3D тур" жобасын әзірледі. Бұл жобаның мақсаты Академия рейтингін көтеру, болашақ бірінші курс білім алушылары үшін ыңғайлы бағдар беру, онлайн режимінде білім беру ғимараттарымен танысу болып табылады. Жоба бойынша екінші оқу корпусын виртуалдандыру процесі аяқталды және Академия сайтында орналастырылды 3d-tour.ukma.kz.

Дополнительные файлы прикрепленные к видео-занятию